Ресми қорытынды: АҚШ-тың сайлаушылар алқасы елдің жаңа президенті Джо Байден екенін растады

Ал вице-президент боп Камала Харрис сайланды


15/12/2020
12:52 47100 0

Фото: iz.ru

 

Он төртінші желтоқсанда АҚШ-тың сайлаушылар алқасы Джо Байденді ел президенті, ал Камала Харристі вице-президент екенін растады. Мұны USA Today хабарлады. 

 

Ресми қорытынды бойынша демократ Джо Байден 306 дауыс жинаса, қазіргі президент Дональд Трамп 232 дауыс жинаған. Жеңіске жету үшін кандидат 270 дауыс жинауы керек. 

 

Енді сайлау қорытындысын Конгресс (парламент) 6 қаңтар күні растайды. Ал сол айдың 20-сында Байден ресми түрде президент қызметіне кіріседі, яғни инаугурациясы өтеді. 

 

АҚШ президентін сайлау 3 қарашада өтті. Бұл елде президент пен вице-президент сайлаудың бейресми қорытындысы бір-екі күнде, ал ресми қорытындысы әлдеқайда кеш шығады. Әдетте бейресми қорытынды ресми қорытындымен қабысады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2020 12:52
47100 0

Уведомление